01 ақпан 2019 09:03

Алматылық заңгер жол ережесіне қарсы сотқа шағымданды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kolesa.kz © kolesa.kz

Жылдамдықты төмендетуге қарсы. Алматылық заңгер Әмір Бегдесенов қалалық жол басқармасын сотқа берді, - деп хабарлайды КТК телеарнасының тілшісі. 


Жылдамдықты төмендетуге қарсы. Алматылық заңгер Әмір Бегдесенов қалалық жол басқармасын сотқа берді, - деп хабарлайды КТК телеарнасының тілшісі. 

15 қаңтардан бастап Алматыдағы ең ірі әл-Фараби даңғылы, Саин көшесі және Шығыс айналма жолында жылдамдықты сағатына 60 шақырымнан асыруға болмайды. Алматыдағы жылдамдыққа шектеу қоюдың басты себебі адам өліміне әкелетін жол апаттарының алдын алу. Заңгердің пікірінше, әлемдік тәжірибеде тек қаланың орталығында ғана жылдамдық шектеулі. Ал, әл-Фараби мен Шығыс айналма жолы республикалық маңызы бар трассалардың қатарына кіреді. Көлік жылдамдығы бәсеңдетілген трасслармен жиі жүретін Әмір Бегдесенов тиісті құжаттарды ауданық сотқа ұсынып, өз құқығын қорғамақ.

"Мені бұл көшелердегі жүргізушілердің қауіпсіздігі емес айыппұл көлемінің артуы алаңдатады. Бұдан өзге сағатына 60 шақырым десе басқалары 40 шақырымға дейін төмендетіп, ауаға бөлінетін газ көбейеді. Қалалық әкімдік пен полиция департаментін ереже енбей тұрып сотқа бергенмін. Бүгін өз дәлелдерімді сотқа ұсынамын. Егер сотта жеңілсем, апелляциялық шағым түсіремін", - дейді заңгер Әмір Бегдесенов.

Дереккөз: КТК

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети