Алматылықтар 6 миллиард теңгеге жалған шот-фактура толтырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылықтар 6 миллиард теңгеге жалған шот-фактура толтырған

6 миллиард теңгеге жалған шот-фактура толтырған алматылықтарға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

6 миллиард теңгеге жалған шот-фактура толтырған алматылықтарға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жалған шот-фактуралармен бухгалтерлік құжаттарды материалдық сыйақы үшін жасап келген адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын аяқтады.

"Тергеу кезінде Алматы тұрғындары 2017-2019 жылдар аралығында өзіндеріне тиесілі 7 ЖШС арқылы коммерциялық ұйымдарға салықтан жалтару үшін, ЖШС арасында 6 миллиард теңгеден аса сомаға сауда саттық болған делінген жалған шот-фактуралар жазумен айналысқаны анықталды. 

Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының үкімімен 3 қылмыскер ҚР ҚК 28-бабы 3-бөлігі, 29-бабы 5-бөлігі және 216-бабы 3-бөлігі (іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау) бойынша кінәлі деп танылып 2,6 жылдан 3 жылғы дейін бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, сот үкіміне сәйкес, олар 10 жыл мерзімге экономикалық қызмет саласындағы жетекші лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Сотқа дейін үй қамағындағы айыпталушы азаматтар, сот залынан қамауға алынғаны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети