13 маусым 2023 | 17:09

Алматылықтар Абай облысына 300 келі гуманитарлық көмек жинады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Алматы әкімдігінен Фото: Алматы әкімдігінен

Алматылықтар Абай облысына 300 келі гуманитарлық көмек жинады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматылықтар Абай облысына 300 келі гуманитарлық көмек жинады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ӨКҚ брифингінде волонтерлер Алматыда Абай облысындағы өрттен зардап шеккендерге бір тәулікте қанша көмек жиналғанын айтты. Жұмысқа 30-ға жуық ірі волонтерлік ұйым жұмылдырылған.

Қазіргі уақытта 300 келі гуманитарлық көмек жиналған. Оның ішінде 500 дана респираторлық масканы LIDER.kz ерікті ұйымы сыйға тартқан. Сондай-ақ дәрі-дәрмек, үйге қажет заттар, жеке гигиена құралдары алынған.

"Абай облысында болған оқиға ешкімді бейжай қалдырмады. Осыған байланысты Алматы қаласының волонтерлері мен волонтерлік ұйымдары бірлесіп гуманитарлық көмекті жинауды ұйымдастырды. Басты қолдаушыларымыз болған біздің қамқор тұрғындар болды. Көптеген тұрғын бізге шығып, көмек қолын созуға ниеттерін білдірді. Қазіргі таңда Абай ауданының жергілікті тұрғындарының арқасында қажетті заттар толықтай қамтамасыз етілді. Біз Семей қаласындағы бас штабпен тұрақты байланыстамыз және қосымша қажетті заттардың тізімін аламыз", - деді Алматы қаласы бойынша еріктілер фронт-кеңсесінің басшысы, "QAMQOR CHARITY" қоғамдық қорының төрайымы Бағдат Анарбаева.

Еріктілердің айтуынша, алматылықтар гуманитарлық көмек жинауда белсенділік танытып жатыр. Хабарландыру жарияланған алғашқы күннен бастап көптеген қамқор тұрғындар еріктілерге жүгініп, көмектерін ұсынған. Көмек жинауға еріктілер тарапынан "Қазақстан волонтерлар лигасы" Қоғамдық қоры, QAMQOR CHARITY Қоғамдық қоры, LIDER.kz, "Медициналық жастар" ҮЕҰ сияқты қоғамдық ұйымдар қатысады. Штабта 20-дан астам волонтер жұмыс істейді.

Гуманитарлық көмек станцияларының жұмысы 12 маусымда басталды. Айта кету керек, еріктілер қаржылық көмекті қабылдамайды. Ең қажет өнімдерді (консервілер, макарон өнімдері және т.б.), бір рет қолданылатын ыдыс-аяқтарды, қуаттағыштарды, жеке гигиена құралдарын, суларды қабылдайды.

"Қазір біз тұрғындар мен кәсіпкерлерді осы жұмысқа тарту үшін ақпараттық жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Жиналған алғашқы көмекті осы аптаның соңына дейін жөнелтуді жоспарлап отырмыз", - деп қосты Бағдат Анарбаева.

Гуманитарлық көмек ретінде не қажет екенін білуге, сондай-ақ оны жинауға волонтер бола аласыз: +7 747 821 64 78, +7 747 540 01 40, +7 771 625 77 76.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети