Алматы тұрғындары "Алатау" кинотеатрының орнында McDonald's салуға қарсы флешмоб ұйымдастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы тұрғындары "Алатау" кинотеатрының орнында McDonald's салуға қарсы флешмоб ұйымдастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Facebook әлеуметтік желісіндегі "Алматыны қорғайық" ("Защитим Алматы") тобында қала тұрғындары кинотеатр ғимаратының алдында флешмоб ұйымдастыруды ұсынып отыр, осылайша олар өз азаматтық позицияларын көрсетпекші. "Біздің ұранымыз: "Сүру мен ағаш қырқуға қарсымыз! Қоғамдық кеңес болуы керек! Әркім өз аспабын әкеліп, ән орындайды! Бәрі өнер көрсетеді! Би мен ән болса тіпті керемет! Кездесуді кинотеатр алдында өткізуді ұсынамын", - деп жазады қолданушылардың бірі.
Олар McDonald's құрылысына емес, "Алатау" кинотеатрын сүруге қарсы екендіктерін айтты. "McDonald's-қа қарсы емеспін, тіпті ашылатынына қуаныштымын да, алайда кинотеатр орнында емес, бұл біздің тарих, аз да болса да тарихымыз, біздің мемлекетіміз де жас қой. Қаламызда McDonald's-қа басқа орын табылмай қалды ма? (...) Егер кинотеатрды сүруге қарсы болсаңыз, алматылықсыз ба, жоқ па, оған байланысты емес, бұл шешімге қарсы емес екеніңізді айтыңыз. Басқа қалалардың тұрғындарын да қолдауға шақырамыз!", - деп жазды қолданушылардың бірі Кәрім Тоқтабаев.
Жоба бойынша McDonald's осындай болады.
Қазақстандықтар кинотеатрдың 1958 жылы салынғанын айтады. "Алатауда" кеңестің және шетелдің кинематографистері түсірген жаңа ленталар көрсетіліп отыратын. Дәл осында қазақстандық көрермен "Амфибия адам" лентасын көрген. Қайта құрылыс кезінде бұл кинотеатрды бір компания сатып алып, бағасын шарықтатып жіберген еді. Сондықтан кинотеатр сатылып, қолдан-қолға өтті (...)", - дейді алматылықтар.
Айта кетейік, кеше, 19 қыркүйекте Алматы Қала құрылысы кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында мегаполисті дамыту мәселелері талқыланды. Отырыс барысында бес нысанның құрылысы қолдау тапты, оның ішінде үш тұрғын үй кешені, әкімшілік ғимарат пен мейрамхана бар. "Қаладағы алғашқы McDonald's мейрамханасының құрылысына рұқсат берілді. Мейрамхана ғимараты "Алатау" кинотеатрының орнына салынады", - деп жазылған хабарламада.