Алматылықтар Aparking жұмысында ақау туындағанын айтып шағымданды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылықтар Aparking жұмысында ақау туындағанын айтып шағымданды Фото ©Tengrinews.kz

Алматыдағы Aparking автотұрақтарында ақау шықты. Жүргізушілер төлеген ақшалары жоқ болып кеткенін айтып шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Aparking автотұрақтарында ақау шықты. Жүргізушілер төлеген ақшалары жоқ болып кеткенін айтып шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ал қала әкімдігі автотұрақтағы бұл мәселе Aparking мобильді қосымшасының жұмысындағы техникалық ақауға байланысты болғанын айтты.

"Барлық ақаулар түзетілді, қолданба қалыпты жұмыс істеп тұр. Ақау толығымен жойылғаннан кейін шоттардағы қаражат автоматты түрде қалпына келтіріледі", - деп қосты әкімдік.

Автотұрақ ақысын төлеуде төлем терминалдарын (паркингтерді) пайдаланудан басқа, бірнеше жол бар:

  • Aparking мобильді қосымшасы;
  • SMS арқылы (Activ, Beeline, Kcell операторлары);
  • Qiwi, Kassa24, Kaspi және Cyber ​​​​Plat төлем терминалдары арқылы
  • Kolesa.kz, Senim, RPS, WoopPay арқылы;
  • банктік қосымшалар арқылы

"Қазір ақылы автотұрақ жүйесі қалыпты жұмыс істеп тұр, бұл тұрақ уақытына ақы төлеу қажеттілігін меңзейді. Төлемегендер үшін 3 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған (1 АЕК - 3 063 теңге)", - деп хабарлады Алматы әкімдігі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети