Ондаған алматылық екі танымал қазақстандық блогерді алаяқтық жасады деп айыптап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.
Ондаған алматылық екі танымал қазақстандық блогерді алаяқтық жасады деп айыптап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.
Қала тұрғындары жаңа мамандық игеру үшін жарты миллион теңге төлеген. Алайда, келісімшартқа сәйкес, сабақ толық өтпеген. Енді білім іздегендер "аяқталмаған" оқудың ақшасын қайтаруды талап етіп отыр. Алданғандардың бірі - жас алматылық Ерке Тұрлы. Ол қымбат сабақтарды несие арқылы сатып алған.
"Курс 70 күнге есептелген, бірақ біз 40 күн ғана оқыдық. Жоба авторы уәдесін орындамады. Бірақ қаншама адам несиеге курс сатып алды", - дейді Ерке Тұрлы.
Аяқталмаған курстардың ақшасын қайтаруды 20 адам талап етіп отыр. Ол үшін олар компанияның кеңсесіне басып кірді.
"Бұл Pro-land компаниясы. Офлайн сабағы 500 мың теңге тұрады. Сабақ негізі 70 күн өтуі керек болатын. Бірақ 2 айға толмай, тоқтап қалды. Сабақ неге тоқтап қалғанын ешкім түсіндірген жоқ. Ары қарай не болады? Біз ақшаны қайтаруды сұрадық. Бірақ олар хабарласпады, жауап бермеді. Полиция шақырып, арыз жазуға мәжбүр болдық", - дейді тағы бір қала тұрғыны Ғазиза Байдәулет.
Pro-land кеңсесінің алдына жиналғандардың айтуынша, олардың арасында басқа блогерден зардап шеккендер де бар. Адамдар курста алынған ақпараттың тиімсіз екенін және олардың үмітін ақтамайтынын айтты.
"Жұлдыз Ақболат ханымның курсын алып отырмыз, тегін вебинар деді. Жарайды дедік. Ақыры ақша табу үшін жүрген адам болғандықтан. Біз сияқты қаншама адам жылап отыр", - дейді қала тұрғыны Зарина Мәдібекова.
Ал басы дауға қалған компанияның заңгері шағымданушы тараптың арызы орынсыз деп отыр. Сөзінше, білім алуға бекінген азаматтар тапсырманы толық орындамады дейді.
"Ол нишаларына сай келмейді. Табыс тапқан жоқпыз деп шағым айтып жатыр. Өздерінің тарапынан ол кісілер тапсырмаларды орындау керек болған. Компанияның атынан және Жұлдыз ханымның атынан барлық шарт орындалды. Сабақтың бәрі сайтта тұр. Сегіз модульдан тұрады", - дейді заңгер Салтанат Диханбаева.
Телеарнаның мәліметінше, полиция департаменті бұл факт бойынша тексеру жүргізген. Алайда тәртіп сақшылары бұл азаматтық іс болғандықтан ешкімді ұстамады, сондықтан дауды сот арқылы шешуді ұсынды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!