©Ярослав Радловский
Алматы қаласының тұрғындарына бұдан былай көгілдір отынға қосылу қызметінің ақысын бөліп төлеуге болады. "Бұл туралы қала әкімі халық алдында есеп беру кезінде өзі мәлімдеді", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімінің есеп беру кездесуінен. Қала басшының айтуына қарағанда, Алматы шаһарын толықтай газбен қамтамасыз ету бағдарлармасы осы жылы аяқталуы тиіс екен. Жалпы, тұтынушылардың басым бөлігіне газ тартылған, алайда жұмыс ілдалдалап тұрса керек. Өйткені көгілдір отынға қосылу бағасы кез-келгеннің қалтасын көтере бермейді, яғни 300 мың теңге. Оған қосымша шығындарды қосқанда, 400 мың теңге. Ақшасын бөліп төлеу мүмкіндігінің беріліп отырған осыдан. Айтпақшы, ұлы отан соғысы ардагерлеріне тегін болса, тұрмысы төмендерге 50 пайыз жеңілдік көрсетілмек. Әкм сонымен қатар, "энергетика саласын жандандырып, дамыту мақсатында қалалық бюджеттен 10 пайыз қаржы бөлініп отыр. Бүгінгі күні 29 аралық станса жөндеуден өткен. Сонымен қатар, энергетикалық айналым жобасы жақында іске қосылмақ. Қуат 2013 жылы үш мегаватты құрады", деп атап өтті. Әкімнің айтуына қарағанда, жылу жүйесінің ескіргендігі қиындық туғызып тұр. Өйткені 2005 жылдан бері құбырлар жаңартылмаған. Жалпы соңғы жылдары 100 шаршы метр құбыр ауыстырылыпты. Ахметжан Есімов "халықтың ренжитін жөні бар. Түсінемін. Алайда сабыр сақтауларыңызды сұраймын", - деп ағынан жарылды. Айта кетейік, қаладағы газбен жұмыс істейтін батыс жылу кешенін жаңғырту жұмыстары қызу жүріп жатқан көрінеді. Ол 2015 жылы іске қосылады деп күтілуде. Ол қаланың батыс және орталық аудандарын қамтамасыз етпек.
Алматы қаласының тұрғындарына бұдан былай көгілдір отынға қосылу қызметінің ақысын бөліп төлеуге болады. "Бұл туралы қала әкімі халық алдында есеп беру кезінде өзі мәлімдеді", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімінің есеп беру кездесуінен.
Қала басшының айтуына қарағанда, Алматы шаһарын толықтай газбен қамтамасыз ету бағдарлармасы осы жылы аяқталуы тиіс екен. Жалпы, тұтынушылардың басым бөлігіне газ тартылған, алайда жұмыс ілдалдалап тұрса керек. Өйткені көгілдір отынға қосылу бағасы кез-келгеннің қалтасын көтере бермейді, яғни 300 мың теңге. Оған қосымша шығындарды қосқанда, 400 мың теңге. Ақшасын бөліп төлеу мүмкіндігінің беріліп отырған осыдан. Айтпақшы, ұлы отан соғысы ардагерлеріне тегін болса, тұрмысы төмендерге 50 пайыз жеңілдік көрсетілмек.
Әкм сонымен қатар, "энергетика саласын жандандырып, дамыту мақсатында қалалық бюджеттен 10 пайыз қаржы бөлініп отыр. Бүгінгі күні 29 аралық станса жөндеуден өткен. Сонымен қатар, энергетикалық айналым жобасы жақында іске қосылмақ. Қуат 2013 жылы үш мегаватты құрады", деп атап өтті.
Әкімнің айтуына қарағанда, жылу жүйесінің ескіргендігі қиындық туғызып тұр. Өйткені 2005 жылдан бері құбырлар жаңартылмаған. Жалпы соңғы жылдары 100 шаршы метр құбыр ауыстырылыпты. Ахметжан Есімов "халықтың ренжитін жөні бар. Түсінемін. Алайда сабыр сақтауларыңызды сұраймын", - деп ағынан жарылды.
Айта кетейік, қаладағы газбен жұмыс істейтін батыс жылу кешенін жаңғырту жұмыстары қызу жүріп жатқан көрінеді. Ол 2015 жылы іске қосылады деп күтілуде. Ол қаланың батыс және орталық аудандарын қамтамасыз етпек.