Алматылықтар Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы кезекті автотұрақтың құрылысына наразы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазір саябақта көріктендіру жұмысы жүріп жатыр.
Алматылықтар Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы кезекті автотұрақтың құрылысына наразы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазір саябақта көріктендіру жұмысы жүріп жатыр.
Автотұрақ саябақтың кіреберісінен оң жақта салынып жатыр. Кіші Алматы өзенінің үстінен саябаққа апаратын көпір салу жоспарланған. Өзен бойындағы аумақ тегістелген. "Ол жерде сәл әріректе автотұрақ бар. Ол да мына тұрақ сияқты ойсыз салынып жатыр, дәл хайуанаттар бағының түбінде", - дейді жергілікті тұрғын Мария Румилова.
Тағы бір тұрғын Гүлмира Есенәлиеваның айтуынша, құрылыс салушылар алдымен тұрғындардың пікірін білуі керек еді. "Асфальт төселіп жатқан аумақ саябаққа тиіп тұр, әткеншектер мен кішкентай сәбилерге арналған аймаққа өте жақын. Бұл - балалар көлік түтінін жұтады деген сөз", - дейді ол.
Тұрғындардың айтуынша, Орталық саябақта автотұрақ салуға айтарлықтай қажеттілік жоқ. "Кісі қарасы жаз мезгілінде ғана көп болуы мүмкін. Басқа уақытта көлікке орын табылады. Саябақ аумағын көгалдандырудың орнына асфальт төсеп жатыр", - дейді Есенәлиева. Еске сала кетейік, бұған дейін жергілікті билік Горький атындағы саябақты көріктендіру туралы жоспарын жария еткен болатын. Бүгінде 10 мың шаршы метрге жасыл желек отырғызылған, гүлзарлар ойылып, қоқыссалғышы бар 200 орындық орнатылған.