Алматылықтар қала көшелеріндегі жаңа камераларға алаңдап қалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылықтар қала көшелеріндегі жаңа камераларға алаңдап қалды

Алматы тұрғындарын көшелердегі жаңа камералар алаңдатып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тұрғындарын көшелердегі жаңа камералар алаңдатып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Камералар жақында пайда болды және олар көше бойына орнатылған. "Сергек" камералары бұрын дөңгелек пішінді болса, бұл камералар пішіні сопақша келген.

Алматылықтар қалада жаңа бейнебақылау жүйесі орнатылып жатқанын айтты. Тіпті кейбір Facebook қолданушылары бұл камералар бет-әлпетті тануға арналғанын жазған.

Сурет: Facebook/"Алматы.Что? Где? Когда?"

Жаңа камералар баяғы "Сергек", бірақ заманауи үлгіде екені белгілі болды. Мұндай камералар Шымкент пен Алматыда бұрыннан бар.

Ескі үлгідегі "Сергек".

Жаңа үлгідегі "Сергек"

"Біздің "Сергек" аппараттық-бағдарламалық жүйелер осындай. Бұл сыртқы түрі ықшам, оптикасы жақсырақ және ажыратымдылығы жоғары камераның жаңа үлгілері. "Сергек" жүйесі пайда болғаннан бері бірнеше жыл бойы камера өндірушілері бір орында тұрған жоқ, сондай-ақ біз де заманауи жабдықтарға қатысты шешімдерімізді жаңартып жатырмыз. Бұл камералар жақсырақ оптикалық жүйеге ие, қамту және сурет сапасы жағынан техникалық көрсеткіштері жоғарырақ", - деді "Көркем Телеком" баспасөз қызметі өкілдері.

Сонымен қатар, компания бұл камералар бет-әлпетті тануға арналмаған деп сендірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети