22 қыркүйек 2021 09:24

Алматылықтар Қонаев атындағы каналдың жағдайына наразы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Жанар Комбаева Фото: Жанар Комбаева

Әлеуметтік желілерде Алматы тұрғындары Дінмұхамед Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының жағдайына наразы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желілерде Алматы тұрғындары Дінмұхамед Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының жағдайына наразы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түрксіб ауданының тұрғыны Жанар Комбаева каналға төрт жылдан бері су келмейтінін және қоқысқа толып, ешкім қарамайтынын айтты. 

Фото: Жанар Комбаева

"Қараусыз тұрғанына 4 жыл болды. Атын өзгерту керек шығар?" - дейді ол. 
Қала тұрғынының айтуынша, 2017 жылы арнаға шағын жөндеу жұмыстары жүргізілген, бірақ жөнделген жерлер бір жылдан кейін қирап қалған. 

Жасыл экономика басқармасы өкілдерінің мәліметінше, қазіргі таңда Дінмұхамед Қонаев атындағы ҮАК-ті гидротехникалық құрылыстарымен күрделі жөндеу жобасы әзірленіп жатыр. Жобаны аяқтау мерзімі - 2021 жылдың соңы. Бюджеттен қаражат бөлінсе, жөндеу жұмыстары 2022 жылы жүргізілуі мүмкін. 

Сондай-ақ, әкімдік каналға судың келмеу себебін түсіндірді. 2018-2019 жылдары Рысқұлов бойынша жол айрығының салынуына байланысты каналға су беру тоқтатылды. Қазір Тіксай өзенінің арнасын қайта жаңарту жұмыстары жүріп жатыр, осыған байланысты каналға су беру тоқтап тұр.

2021 жылдың сәуірінде Қалалық мобильділік басқармасының басшысы Наталья Ливинская жоба барысында бүкіл каналды, оның көпірлерін, гидротехникалық құрылыстарын жаңарту, оның бойында жаяу жүргіншілер аймағын құру көзделгенін айтқан болатын. Қауіпсіз жаяу жүргіншілер мен велосипед жолдары арнаны Көкмайса және Кемел шағынаудандарындағы қоғамдық кеңістіктермен байланыстыруы керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети