14 ақпан 2022 | 16:44

Алматылықтар метро бекеттерінде түнеп жүрген үйсіздерге алаңдап жүр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Алматы тұрғындары үйсіздер метро бекеттерін паналап жүргеніне алаңдаушылық білдірді. Бұл туралы Facebook қолданушысы жазды және оны басқа да тұрғындар қолдап, пікір білдіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы тұрғындары үйсіздер метро бекеттерін паналап жүргеніне алаңдаушылық білдірді. Бұл туралы Facebook қолданушысы жазды және оны басқа да тұрғындар қолдап, пікір білдіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жазба авторының айтуынша, соңғы кездері Алмалы мен Абай станцияларында үйсіз адамдар көбейген. Жазбада метро бекеті үйсіздер баспанасына айналғаны айтылған.

"Мұндай жағдай бұрын болған емес. Қазір бекеттерде үй-күйсіздер жиі жүреді. Сондықтан бұл күрделі мәселе. Әкімдік оларға біраз көмек көрсетуі керек шығар. Өйткені, қазір халықта кіріс мәселесінде қиындық көп, әлде үйсіздерге арналған бөлмелер жабылып қалды ма екен", - деп болжайды автор.

 Бұл мәселеге Желі қолданушылары да пікір білдірген.

"Негізі, бұл күрделі мәселе. Суықта адамдарды сыртта қалдыруға болмайды. Бұл әкімдіктің кемшілігі. Ондай адамдарға суықта жататын бөлме берілуі керек. Біздің аулада бір ер адам жүретін еді. Жиі ішіп жүргесін, полиция шақырдық. Сөйсек, оны туыстары іздестіріп жүр екен. Ол қалаға жұмыс істеуге келіпті", - деп жазды тұрғын.

"Ең бастысы, оларды қуып жібермеу. Жалпы, қазір Шамалғанда қаншама қаңырап бос жатқан зәулім үй бар. Сол жақта осы адамдарға жатақхана жасау керек немесе оңалту орталығы", - деді тағы бірі.

"Әрине, метрода оларға орын жоқ: олардың арасында туберкулездің ашық түрімен ауыратындар да болуы мүмкін. Бірақ оларды суықта қуып шығуға да болмайды. Әлеуметтік үйлер мен жуынатын, киінетін және тамақтанатын көмек орталықтары қажет", - деді үшіншісі.

Алматы метросындағы үйсіздер туралы әкімдік те пікір білдірді. Әлеуметтік қамсыздандыру басқармасы мәліметінше, соңғы кездері мұндай хабарлар көбейген. Бөлімдегілердің айтуынша, олар "Пана" әлеуметтік бейімдеу орталығына қабылданады.

"Қабылдау өтініш бойынша жүргізіледі. Олар аудандық немесе қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бағыты бойынша да қабылданады. Сонымен қатар, полиция немесе дәрігерлердің жолдамасы бойынша. Алайда бұл жағдайда азаматтың өз келісімі қажет", - деді ведомство өкілдері.

"Пана" орталығы тәулік бойы жұмыс істейтіні айтылды. Ол уақытша тұруға немесе тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған. Сондай-ақ, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған немесе пробациялық бақылауда тұрған адамдарды қабылдайды.

Орталықта тұрмыстық, психологиялық, құқықтық, экономикалық, мәдени, медициналық және еңбек сияқты жеті түрлі әлеуметтік қызмет көрсетіледі.

"Пана" орталығы 180 орынға және түнеу бөлімінде 50 төсекке есептелген. Түрксіб ауданы, Дундича көшесі, 2Б үй мекенжайында орналасқан. Байланыс телефондары: 251-37-68.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети