Алматылықтар опырылған жаяу жүргіншілер жолына шағымданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылықтар опырылған жаяу жүргіншілер жолына шағымданды Фото: facebook.com/galina.sviridova.9

Алматылықтар кеспе тастар опырылып түскен жолдағы үлкен шұңқырға шағымданды. Аудан әкімдігі болған жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылықтар кеспе тастар опырылып түскен жолдағы үлкен шұңқырға шағымданды. Аудан әкімдігі болған жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жолдағы шұңқырдың суреттері Facebook желісіндегі "Дежурный по городу" тобында пайда болды. Кадрлардан тас төсемі бүлініп, жер астына түсіп кеткенін көруге болады.

"Абай даңғылы, Биокомбинат көшесінің оңтүстік жағында жаяу жүргіншілер жолында шұңқыр пайда болған. Құлап кетуден абай болыңыздар", - деп жазған алматылық Facebook-те.

Жағдайға Бостандық ауданы әкімдігінің коммуналдық шаруашылық бөлімі түсінік берді. Ведомство бұл аумақта 2019-2020 жылдары электр сымын төсеу бойынша жұмыстар жүргізілгенін хабарлады. Жобаға тапсырыс берушісі "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ, мердігер - "Бадимус Строй" ЖШС.

"Жедел қалпына келтіру шараларын қабылдау үшін ақпарат "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ басшылығына хабарланды. "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ мәліметіне сүйенсек, жолдағы шұңқыр қысқа мерзімде қалпына келтіріледі", - деді ведомство өкілдері.

Бұған дейін Алматыда жүргізушілер Төле би көшесіндегі үлкен шұңқырға шағымданған еді. Алдын ала мәлімет бойынша, жол төсемі диаметрі 250 миллиметр су құбырынан аққан судан топырақтың шайылуына байланысты бұзылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети