Алматыда түнде барахолка маңындағы жол жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда түнде барахолка маңындағы жол жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға өткен түнде Солтүстік айналма көшесінде болған. Мұнда жақын маңдағы O-Jet тұрғын үй кешенінің тұрғындары жиналды. 50-ге жуық адам көшенің ортасына шығып, ереуіл жасады, жолды жауып тастады, себебі тұрғындар ыстық судан ажыратылған. Осыған байланысты Солтүстік айналма жолында ұзын-сонар кептеліс пайда болды. Оқиға орнына полиция жасақтары жіберілді.
Кейін әлеуметтік желілерде оқиға салдары жариялана бастады. Кадрларда жүздеген автокөлік жүргізушісі кептелісте қозғала алмай тұрғанын көруге болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Әкімдік мәліметінше, ыстық су "ҚазТрансГаз Аймаққа" қарыздарға байланысты өшірілген. Алайда шенеуніктердің айтуынша, жеткізуші тұрғындарды коммуналдық қызметтерден айырған жоқ. Су Alpha Management Services компаниясының бастамасымен тоқтатылды, ол О-Jet тұрғын үй кешеніндегі үйлердің қазандығына қызмет көрсетеді.
"Газ қызметі бойынша биыл 24 мамырға қарай 1 477 000 теңге көлемінде қарыз жиналып қалды. Сондықтан "ҚазТрансГаз Аймақ" аталған компанияның атына хат жолдады. Ол O-Jet тұрғын үй кешенінің тұрғындарына ыстық су мен жылыту үшін қарызды төлеу қажет екенін ескертті. 14 маусымға дейін уақыт берілген", - деді әкімдіктегілер.
Тұрғындардың ыстық су мен жылу үшін жалпы қарызы шамамен үш миллион теңге екені хабарланды.
"ҚазТрансГаз Аймақ" ALPHA Management Services компаниясына хабарлама жіберді. Бірақ суды ажыратпады. Ыстық суды Alpha Management Services компаниясы өшірді", - деді шенеуніктер.
Айта кетейік, жол жабылғаннан кейін көп ұзамай тұрғындар үйіне оралды. O-Jet-ке ыстық су берілгені хабарланды.
Алматыда жаз мезгілінде ыстық су бірнеше күнге сөндіріліп тұратынын да айта кеткен жөн. Себебі қалада су құбырлары жөнделе бастайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!