Алматы тұрғындары жер үйлердің маңына салынған жанармай құю бекетіне шағым түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы тұрғындары жер үйлердің маңына салынған жанармай құю бекетіне шағым түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Олардың пікірінше, жанармай құю станциясы жақын маңдағы тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.
Тұрғындар 2 жылдан бері жанармай құю станциясын салған құрылыс компаниясымен соттасып жүргенін, іс үнемі апелляцияға жіберілетініне шағымданды.
Жанармай бекеті Түрксіб ауданындағы Сүйінбай даңғылы мен Кожедуб көшесінің қиылысында орналасқан. Жергілікті тұрғындар компания жанармай құю бекетін жер үйлерге тым жақын 7 метр жерде салды деп санайды. Олардың пікірінше, жанармай құю бекетінде төтенше жағдай болса, адамдар зардап шегуі мүмкін.
Сонымен қатар, тұрғындар жанармай бекетінен шыққан зиян қалдықтардың әсерінен қорқатынын айтады.
Алматылықтар құрылыс компаниясымен 2018 жылдан бері соттасып жүргенін айтады. Тіпті, олар "За чистый воздух" қоғамдық бірлестігінің көмегіне жүгінген.
Бірлестік мәліметінше, ұйым тұрғындардың күшімен сотта жанармай құю бекетін бұзу туралы шешімге қол жеткізген. Алайда компания соттың шешімін әлі орындамаған.
Кейін құрылыс компаниясы Жоғарғы сотта іс қайта қарауға мүмкіндік алған, алайда онда жеңіліске ұшыраған.
Мемлекеттік сараптама жер үйлердің жанында жанармай құю бекетін салу кезінде заңбұзушылықтардың бар екенін көрсеткен. Тұрғындар бұл істе жеңіске жеткен сияқты болып көрінгенімен кейін іске Прокуратура араласқан. Іс қайта қарауға жіберілген.
"Біздің ойымызша, бұл бұрын-соңды болмаған жағдай. Заңбұзушылықтардың болғаны дәлелденгеніне қарамастан қадағалау органы тұрғындарды қорғаудың орнына жеке компанияның мүддесін қорғап отыр. Прокуратура құрылыс компаниясына неге қолдау көрсетіп отыр? Орган құрылысты салу барысында заң бұзушылықтардың болғанына көзін жұмып қарап отыр", - дейді "За чистый воздух" қоғамдық бірлестігінің мамандары.
Ұйымның мәліметінше, қазіргі таңда бұл іс Алматы қалалық сотына жіберілген.
Tengrinews.kz редакциясы бұл дерек бойынша Бас прокуратураға ресми түрде түсінік беру үшін хат жіберді.
Ал Алматы қаласы жоспарлау және урбанистика басқармасының мәліметінше, жанармай құю бекетінің учаскесі 2013 жылдан бастап
заңды тұлғаға тиесілі.
"Заңды тұлға жер учаскесін жанармай құю станциясын салып, көліктерге қызмет қызмет көрсету үші алған. Онда табиғи газ сатылуы керек болған.
2013 жылы учаске иесіне жанармай құю станциясын жобалауға сәулет-жоспарлау тапсырмасы беріліп, ал 2014 жылы жанармай құю станциясын салуға эскиздік жоба келісілген. Қазақстандағы құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес: жанармай құю станциясынан тұрғын үй және басқа да қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі арақашықтық 25 метрге дейін болуы керек", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!