Алматылықтар вокзал құрылысына байланысты үйлері сүріле ме деп қорқады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылықтар вокзал құрылысына байланысты үйлері сүріле ме деп қорқады Фото:elements.envato.com

Алматылықтар Алматы-3 вокзалының құрылысына байланысты үйлері сүріле ме деп қауіптеніп отыр. Бұл туралы олар қала әкімімен кездесуде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылықтар Алматы-3 вокзалының құрылысына байланысты үйлері сүріле ме деп қауіптеніп отыр. Бұл туралы олар қала әкімімен кездесуде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кездесу барысында Мәдениет шағынауданының тұрғыны Момышұлы мен Боролдай көшелерінің қиылысында орналасқан бірнеше үйдің тұрғындары атынан сөз сөйледі.

"Біз 2014 жылғы Бас жоспарға сәйкес жер учаскелерін заңды түрде сатып алдық. Өткен жылдың соңында урбанистика және сәулет басқармасы үйлерімізге "қызыл сызықтар" белгілеп, сүрілуі мүмкін екенін айтты", - деп үрейленді әйел.

Алматы әкімі Ерболат Досаев оған осы ауданда Алматы-3 теміржол станциясының құрылысы жоспарланып отырғанын айтты.

"Басты құжат - "Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі бас жоспары", ол жыл соңына дейін қабылданады. Мен бұл бұрын қосылған аумақтар екенін түсінемін, ол сіз ол жерді сатып алдыңыз. Алайда қала дамуы керек. Тұрғындар біз газбен қамтамасыз ете алмайтын, технологиялық талаптарға сай келмейтін жерлерге үй тұрғызған.

Мен бас жоспар бойынша ережелерді мүмкіндігінше тиімді қайта қарау туралы тапсырма бердім. Жоба дайын болған кезде біз оны көрсетеміз, бірге талқылаймыз және шешім қабылдаймыз. Қала дәл осы ауданда белсенді дамып келе жатқанын атап өтемін. Егер үйлеріңіз сүрілген жағдайда мәселені нарықтық құны бойынша өтейміз", - деді Досаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети