Алматылықтардан 21 мамырда үрейленбей үйден шығу сұралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылықтардан 21 мамырда үрейленбей үйден шығу сұралды Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

21 мамырда Алматыда жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сағат 10:00-де қала бойынша сирена қосылады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

21 мамырда Алматыда жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сағат 10:00-де қала бойынша сирена қосылады.

Сирена-дыбыстық қондырғылар іске қосылған кезде білім беру ұйымдарында, адам көп шоғырланатын орындарда азаматтарды ғимараттардан алдын ала белгіленген қауіпсіз орындарға эвакуациялау элементтерін әзірлей отырып, нысандық сейсмикалық дайындық жүргізіледі.

"Осыған байланысты Алматы Төтенше жағдайлар департаменті үрейленбеуді, ғимараттардан (пәтерлерден, үйлерден, тұрақты демалыс орындарынан) эвакуациялау элементін тәжірибеден өткізуге қатысуды сұрайды", - деп толықтырды ведомство.

Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, қалада баспанасыз қалған "зардап шеккен" тұрғындарды қабылдаудың барлық 384 пункті ашылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети