14 қараша 2020 | 17:01

"Алматылықтардан адам көп шоғырланатын орындарға қажетсіз бармауды сұраймыз" - әкімдік

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © Tengrinews.kz/ Алихан Сариев Фото: © Tengrinews.kz/ Алихан Сариев

Санэпидемиологтар алматылықтардан адамдар көп шоғырланатын орындарға қажетсіз барудан бас тартуды сұрады, себебі ауа райының күрт нашарлауы коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупін арттырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап. 


Санэпидемиологтар алматылықтардан адамдар көп шоғырланатын орындарға қажетсіз барудан бас тартуды сұрады, себебі ауа райының күрт нашарлауы коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупін арттырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап. 

Қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметтері бойынша, биыл 14 қарашадағы жағдай бойынша, Алматыда коронавирус инфекциясының 15 166 жағдайы тіркелді, оның 9 145-і симптомды, 6021-і симптомсыз болды. 13 қарашада коронавирус жұқтырудың 77 жағдайы тіркелді, оның ішінде 45-і симптомды, 32-сі симптомсыз.

Бұрған дейін де ЖРВИ мен тұмаудың маусымдық кезеңі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды қиындата түсетіні айтылған. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жедел респираторлық вирустық инфекциялар санының 2,2 есеге өскені байқалады.

"Ауа райының салқындауына байланысты қоғамда эпидемиялық процестер күшейе түсті, бұл кезде КВИ инфекциясы жаппай шоғырланған жерлерде пайда болады. Осыған байланысты Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық қызметі қала тұрғындарына профилактикалық шараларды сақтауды қатаң түрде ұсынады. Біріншіден, адамдар көп болатын жерлерден, әсіресе 65 жастан асқандардың аулақ болғаны жөн. Екіншіден, маскалар қолданыңыз және қоғамдық орындарда, мысалы дүкендерде, дәріханаларда және басқа жерлерде.

ЖРВИ белгілері болса, үйден шықпаңыз, дәрігерді үйге шақырыңыз. Өзіңізді өзіңіз емдемеңіз, балаларды және егде жастағы отбасы мүшелерін жеке бөлмеде оқшаулау арқылы қорғаңыз", - делінген әкімдік хабарламасында.

Алматыдағы "Қазгидромет" РМК филиалының метеорологиялық болжамдар бөлімінің хабарлауынша, 14-20 қараша аралығында ауа температурасы түнде 10-15 °С, күндіз 3-8 °С дейін төмендейді.

15 қараша: көшпелі бұлтты, күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар). Солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-3 °C (аяз), күндіз +4-6 жылы.

16 қараша: көшпелі бұлт шығады, мезгіл-мезгіл жауын-шашын жауады (көбіне қар). Солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде - 5-7 °С, күндіз 0, -2 °С.

17-18 қараша: көшпелі бұлт шығады, кейде қар жауады. Жел екпіні секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде - 7-12 °С, күндіз - 1-6 °С.

19-20 қараша: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел жылдамдығы секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде - 10-15, күндіз - 3-8 °С.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.74   532.51   5.08 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети