Алматыдағы Универсиада-2017 нысандарында қалалық терроризммен күрес штабының өкілдері "Юг-Антитеррор2016" атты антитерристік оқу-жаттығу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі штабтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Оқулардың мақсаты - нысандарда терроризм қаупі төнген жағдайда қалай әрекет ету керектігін көрсету. Алматы қаласының қонақтары мен тұрғындарынан жүргізіліп жатқан оқулардан қорықпай, түсіністікпен қарауларын сұраймыз", - деді Алматы қалалық штабтың өкілдері.
Айта кетейік, әлеуметтік желілерде алматылықтар полицейлерді көріп қалған сәттерін суретке түсіріп, Желіге жүктеп жатыр. Мысалы, қолданушылар құқық қорғау органдарының қызметкерлерін Шығыс айналма жолдың бойында түсіріп алған.