Алматылықтарды ерекше кортеж таңғалдырды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры

Алматы көшелерімен ерекше кортеж жүріп өтті. Ол қала тұрғындарын таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы көшелерімен ерекше кортеж жүріп өтті. Ол қала тұрғындарын таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бір күн бұрын әлеуметтік желілерде жүк көліктерінің кортежі түсірілген видеолар тарады. Кадрлардан бірнеше жүк көлігі Сүйінбай даңғылы бойымен оңтүстік бағытта, Хмельницкий көшесімен қиылыс маңында келе жатқанын көруге болады. Жүк көліктерін Lexus бастап жүр, көліктің бәрі безендірілген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kris P Brothers️️️ (@kris_p_brothers)

Желі қолданушылары бұл үйлену тойының кортежі болуы мүмкін деп болжам жасаған. Алайда кейінірек әлеуметтік желілерде басқа да видеолар жарияланды. Онда жүк көліктері перзентхана ғимаратына қарай бара жатқанын көруге болады.

Кейін бұл Түрксіб ауданындағы Станкевич көшесі бойында орналасқан №4 қалалық перзентхана екені белгілі болды. Медицина мекемесінің баспасөз қызметі бес жүк көлігінен тұратын кортежді алматылық тұрғын ұйымдастырғанын хабарлады. 27 наурызда оның үшінші баласы осы перзентханада дүниеге келген екен. Төрт күннен кейін ер адам әйелі мен баласын шығарып алуға келген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Интернет-СМИ (@kris.p.almaty.official)

"Күйеуім жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істейді. Мұндайды күтпедім: оны кортежбен келеді деп ойламадым, өте қуаныштымын.

Бұл ұлымыз бен қызымыздан кейінгі үшінші баламыз, есімі - Айтөре. Ол салмағы 3900 грамм, бойы 55 сантиметр болып дүниеге келген. Балаларымның дүниеге келуіне көмектескен дәрігерлер мен акушерлерге алғыс айтамын", - дейді баланың ана Гүлмира Батырбай.

Перзентханадағылар ата-ана 29 және 30 жаста екенін қосты. Қызметкерлер бұрын да түрлі қызық болғанын, бірақ дәл осындай кортежді бірінші рет көргенін жасырмады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети