Алматылықтарды жаппай вакцинациялау қашан басталады? Сағынтаев жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылықтарды жаппай вакцинациялау қашан басталады? Сағынтаев жауабы Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Бақытжан Сағынтаев Алматыда халықты жаппай вакцинациялау қашан басталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бақытжан Сағынтаев Алматыда халықты жаппай вакцинациялау қашан басталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы әкімі онлайн-брифингте бір күн бұрын қалаға коронавирусқа қарсы вакцинаның 21 мыңнан аса дозасы келгенін хабарлады. Сағынтаевтың айтуынша, сәуірде 250 вакцинация орнын ашу жоспарланып отыр.

"Біз вакцинация бойынша жұмысты наурызда (вакцинаның алғашқы дозасы келді. - автор) бастадық, бұл - дәрігерлер, педагогтер және полиция қызметкерлері. Біздің қаламызда 34 мың педагог - мектеп мұғалімдері, балабақша қызметкерлері және колледж оқытушылары бар. Бірақ бұл ерікті түрде ғой. Қазір қалада емханаларда 55 орын жұмыс істейді. Алғашқы күндері 2-3 мың адамнан өткіземіз деп болжап отырмыз", - деді Сағынтаев.

Ол сәуір мен маусым аралығында Алматы қосымша шамамен 750 мың доза вакцина алатынын айтты - ай сайын 250 мың дозадан.

"Жалпы, вакцинация әдеттегі өмірге оралуға және карантин шектеулерін біртіндеп жеңілдетуге мүмкіндік береді. Вакцинация - аурудың алдын алудың ең сенімді, тиімді шарасы, яғни вакцина емдемейді, қорғайды", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети