Алматылықтарды шатырлаған найзағай дыбысы шошытты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылықтарды шатырлаған найзағай дыбысы шошытты

Алматыда таңғы уақытта естілген шатырлаған дыбыс тұрғындарды шошытты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда таңғы уақытта естілген шатырлаған дыбыс тұрғындарды шошытты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазнет қолданушылары таңғы 07.30 шамасында қатты дыбыс естіді.

"Қатты естіліп, үйдегі жарық өшіп қалды", "Жақсы оятқыш болды", "Зевс, біз не істеп қойдық саған?", "Алматыда цунамиден басқаның бәрі болды", - дейді желі қолданушылары.

Алматылықтар бұл найзағайдың даусы деп топшылаған. Бұл болжамды Алматы ТЖД өкілдері растады.

Синоптиктердің мәліметінше, 13 маусымда Алматыда ауа райы құбылмалы болады, қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады. Солтүстік-батыс жел 3-8, найзағай кезінде екпіні секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 25-27 жылы болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети