Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев коммуналдық қызметтер үшін ақы төлеу мерзімін кейінге шегерілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев коммуналдық қызметтер үшін ақы төлеу мерзімін кейінге шегерілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қала әкімі Алматыда коронавирустың таралуын мүмкіндігінше тезірек тоқтату үшін қатаң шектеу шараларының қажеттігі туындағанын айтты.
"Сауда орталықтарының, киім-кешек базарлардың, мектептер мен балабақшалардың, кафелердің, түрлі салондардың және басқа да қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындардың жұмысын уақытша тоқтатуға тура келді. Біраз жұрт ақысыз еңбек демалысына кетуге, енді бірі қысқартуға ілікті. Бұл жағдай аз қамтылған және жұмыссыз жүрген жандарға ауыр тиді", - деді Сағынтаев Instagram желісіндегі парақшасына.
Сағынтаев алматылықтарды қолдау үшін коммуналдық қызметтер бойынша төлемдер кейінге қалдырылғанын мәлімдеді.
"Қиын жағдайға тап болған алматылықтарды қолдау үшін монополистермен лифт пен қоқысты шығаруды қоса алғанда, барлық коммуналдық қызметтер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру туралы келісімге келдік. Наурыз және сәуір айларына келген түбіртектерді жыл соңына дейін төлеуге болады. Бұл ретте кешіктіргені үшін өсімақы мен айыппұл есептелмейді. Сондай-ақ, карантин кезінде қызмет көрсетушілер электр, су, жылу, газ және телефон байланысында қарызы бар тұтынушыларды ажыратпайды", - деді қала басшысы.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!