23 ақпан 2021 | 09:23

Алматылықтардың наразылығынан кейін тоғыз қабатты жатақхана құрылысы тоқтатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© almaty.tv © almaty.tv

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Әуезов ауданының тұрғындарын тыңдап, тоғыз қабатты жатақханаға арналған жерге балабақша мен спорт алаңдарын салу туралы шешім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Әуезов ауданының тұрғындарын тыңдап, тоғыз қабатты жатақханаға арналған жерге балабақша мен спорт алаңдарын салу туралы шешім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әуезов ауданындағы Алтын бесік ықшамауданының тұрғындары 17 ақпанда өткен Алматы қаласы әкімінің есептік кездесуінде жатақхана салу жоспарын қайта қарау туралы өтініш айтқан болатын. Олар өз өтінімдерінде қала басшысын жоспарланған құрылыс орнына шақырған болатын.

"Сол жерге барып, Алматы технологиялық университетінің студенттеріне арналған жатақхана ғимаратына жер телімін беру туралы қаулының күшін жою туралы шешім шығардым. Жуырда студенттік үй үшін басқа қолайлы жер қарастырамыз", - деп жазды Бақытжан Сағынтаев Instagram желісіндегі парақшасында.

Оның айтуынша, тұрғындармен кездесуде бұл жерге 120 орынды балабақша, спорт және воркаут алаңдарын салу жөнінде ортақ шешім қабылданды.

"Ата-аналар балаларға арналған қосымша оқыту мен дамыту орталықтарын құру қажеттігін айтты. Бұл ретте "Шыңға Өрлеу" әлеуметтік клубтарының тәжірибесі негізінде тегін үйірмелер мен спорт секцияларын ашамыз", - деді Сағынтаев. 

Әуезов ауданына жұмыс сапары барысында қала әкімі ықшамауданның құрылыс салуға тыйым салынған аймақтарда орналасқан бос жерлерін де қарап шыққан. Мұнда жайлы жасыл қоғамдық орындарды құру жоспарланып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети