Алматылықтардың орташа жалақысы қандай?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылықтардың орташа жалақысы қандай? Фото: ©Tengrinews.kz/Болат Айтмолда

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жыл басынан бері қала тұрғындарының орташа жалақысы қаншаға өскенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жыл басынан бері қала тұрғындарының орташа жалақысы қаншаға өскенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы брифингте Сатыбалды 2025 жылы Алматыда 92 мың жұмыс орны құрылғанын, олардың 87 пайызы тұрақты жұмыс орындары екенін атап өтті.

"Қаладағы орташа айлық жалақы тоғыз айдың қорытындысы бойынша 539 мың теңге болып, номинал мәнде 14,5 пайызға өсті және республика бойынша орташа деңгейден 29 пайызға жоғары болды", - деді Алматы әкімі.

Еске салайық, қарашада премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин тоғыз айдың қорытындысы бойынша жалақының номинал өсімі 10 пайыз болғанын айтқан еді.

"Жеке бизнес жалақы деңгейін белсенді көтеріп жатыр. Қазір орташа жалақы - 429 мың теңге. Бұл - 10 пайыздық өсім", - деген болатын вице-премьер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.12  course down  603.32  course up  6.44  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети