Алматылықтардың орташа жалақысы қанша екені белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылықтардың орташа жалақысы қанша екені белгілі болды Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Алматылықтардың орташа айлық жалақысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның көлемін Алматы Экономика басқармасының басшысы Дастан Өмірбаев мәслихат сессиясында айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылықтардың орташа айлық жалақысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның көлемін Алматы Экономика басқармасының басшысы Дастан Өмірбаев мәслихат сессиясында айтты.

"Инфляцияны есепке алғанда, Алматыда орташа айлық жалақы нақты мәнде 6,1 пайызға өсіп, 470 мың теңге болды", – деді Өмірбаев өз баяндамасында.

Ол Алматы экономикасының "динамикалық түрде дамып жатқанын" атап өтті.

"Жоғары инвестициялық белсенділік пен экономиканың қарқынды өсуі 58,3 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді, оның 80 пайызы – тұрақты жұмыс орындары. Соның нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызға дейін төмендеді", – деп қосты Өмірбаев.

Сонымен қатар, спикер биылғы қарашада жылдық инфляция 9 пайызға дейін баяулағанын атап өтті.

"2024 жылдың аяғына қарай инфляцияның одан әрі 8,5 пайызға дейін, ал 2025 жылы 7,5 пайызға дейін төмендеуін күтіп отырмыз. Жалпы, Алматы экономикасының өсімі 2024 жылы 5,5 пайыз деңгейінде болады деп күтіледі. 2025 жылы экономиканың өсу қарқыны 6,4 пайызға дейін жеделдейді деп болжанған", – деді Өмірбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети