Алматылықтардың төлемдері газ компаниясы қызметкерлерінің қалтасына түсіп отырған - ҚМА

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті "Алматыгазсервис-Холдинг" Акционерлік қоғамының қаржысын жымқыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті "Алматыгазсервис-Холдинг" Акционерлік қоғамының қаржысын жымқыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аталған акционерлік қоғам өңірге табиғи газ жеткізумен айналысады.

Тергеу материалдарына сәйкес, компания қызметкерлері есептегіш құрылғылардың көрсеткіштерін тіркеп, тұтынушылардан қолма-қол ақша жинаумен айналысқан. Жиналған қаражатты олар материалдық жауапты тұлғаларға тапсырған.

"Алайда аталған жауапты тұлғалар жиналған қаражатты заңды түрде өткізудің орнына өз пайдаларына жаратып, төлем туралы ақпаратты "SymphonyGAS" жүйесінде жасырып келген.

Осылайша, компанияның директоры, оның орынбасары, аға оператор және аға бақылаушыдан тұратын тұлғалар тобы 2 жыл ішінде тұтынушылар төлеген 168 миллион теңгені иемденген", - делінген хабарламада.

Сот санкциясымен, күдіктілердің жалпы құны 165 миллион теңге болатын мүлкіне (тұрғын үй, пәтер және автокөлік) тыйым салынды.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети