Қазгидромет Алматыда найзағай ойнап, бұршақ жауып, жел күшейетіні туралы ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Қазгидромет Алматыда найзағай ойнап, бұршақ жауып, жел күшейетіні туралы ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар департаменті ауа райына байланысты ескерту негізінде 18 мамырда Алматыда жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай күтілетінін хабарлады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18-23 м/с.
"Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарына автокөліктерді ағаштардың астында қалдырмауды ұсынады. Сондай-ақ, екпінді жел күшейген жағдайда мына шараларды ескеріңіз:
- ғимараттардан шығуды шектеу (мүмкіндігінше үй ішінде болыңыз);
- егер үйде болсаңыз, терезелер мен есіктерді мықтап жабу. Ашық балкондардан тұрмыстық заттарды алып тастау;
- көшеде болсаңыз, ең жақын тұрғын үй кіреберісіне немесе дүкенге кіруге тырысыңыз;
- билбордтардың, ағаштардың астына, аяқталмаған ғимараттар, сондай-ақ үй қабырғалары маңына тығылмаңыз, өйткені шифер және басқа шатыр материалдары құлап кетуі мүмкін;
- қатты жел кезінде электр желісінің астында тұрып, үзілген электр сымдарына жақындау өмірге қауіпті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!