Алматылықтарға шұғыл хабарлама келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылықтарға шұғыл хабарлама келді Фото:gov.kz

Алматы тұрғындарына шұғыл хабарлама келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тұрғындарына шұғыл хабарлама келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматылықтардың телефонына сағат 11:05-те оқу-жаттығу өткізілетіні туралы сигнал түсті. Android операциялық жүйесі бар телефондарда дыбыстық сигнал ойнап, экранда хабарлама пайда болды.

Оқу-жаттығудың мақсаты – лаңкестік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы әрекет ету үшін құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының дайындығын тексеру. Оқу-жаттығу мақсаттары терроризмге осал нысандарда терроризм актілерінің жолын кесу механизмін жетілдіруге бағытталған.

"Сонымен қатар, оқу-жаттығулар кезеңінде шектеу шаралары қарастырылатынын хабарлаймыз. Осыған байланысты, Алматы қалалық терроризмге қарсы жедел штабы қала тұрғындарын жүргізіліп жатқан оқу-жаттығу шараларына, көлік пен халықтың қозғалысына мүмкін болатын уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға шақырады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети