Алматылықтарға су тасқыны қаупі туралы ескертілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылықтарға су тасқыны қаупі туралы ескертілді Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматылықтарға су тасқыны қаупі туралы ескертілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылықтарға су тасқыны қаупі туралы ескертілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыдағы өзендерде су деңгейінің көтерілуі туралы 112 қызметінен азаматтарға СМС хабарлама келіп түсті. Сондай-ақ, азаматтарға 12 сәуірде жел екпіні секундына 18 метрге дейін жететіні, қатты жаңбыр мен найзағай болатыны туралы SMS келді.

112 қызметінен SMS скриншоты

Алматы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, нөсер жауын салдарынан су асып, су тасқыны болуы мүмкін.

"Қазгидрометтің 11 сәуірдегі №8 жедел ескертуі: 12 сәуірден бастап Алматы қаласына іргелес таулы аудандарда қатты жауын-шашын болжамына байланысты еңіс ағынды сулардың қалыптасуы және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Қауіпті деңгейден асып кетсе, су төгіліп, су басуы мүмкін", - деді Алматы қалалық ТЖД.

ТЖД тұрғындарға аумақтарыңыз арқылы өтетін немесе жақын маңдағы арықтар мен каналдардағы қоқыстарды тазалау қажеттігін еске салады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course up  603.27  course up  6.41  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети