16 ақпан 2016 | 15:25

Алматыны бұл қаланы сүйетіндер ғана басқаруы керек - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Motor.kz © Motor.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыны қаланы сүйетіндер ғана басқаруы керек екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл пікірді ол Алматыны дамыту жөніндегі және 2017 жылғы Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың дайындығы жөніндегі жиналыс кезінде айтты.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыны қаланы сүйетіндер ғана басқаруы керек екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл пікірді ол Алматыны дамыту жөніндегі және 2017 жылғы Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың дайындығы жөніндегі жиналыс кезінде айтты.

"(...) Мен көп қаражатты жинап, инвесторларды тартып, Медеуде арқан жолды салдық, мұз алаңы бар жерде көліктер болмасын дедік. Не болып жатқанын қараңыздар. Қандай тәртіпсіздік! Біз арқан жолды не үшін салдық? Көлікпен ешкім келмесін деп, Шымбұлақтың экологиясы бұзылмасын деп салдық. Ол жақта бар орманды түтіндетіп, өлтіріп аламыз. Ал басшылықтағылар көлігімен жүреді. Мен Шымбұлақта коттедж салуға тыйым салдым, сонда да салып жатыр. Бұған кім жауап береді?", - деді Мемлекет басшысы. 

"Әл-Фараби даңғылының жоғарғы жағында зәулім үйлер салуға тыйым салдым. (...) Осы үйлер алматылықтардың көзінен керемет таулар мен жел қозғалысын жауып қалды. Өтіп бара жатып қарасам, әл-Фараби даңғылының жоғарғы жағында бірдеңе салынып жатыр. Мен әрдайым ескерткенмін, Алматыны осы қаланы сүйетіндер ғана басқарсын. Бұл қаланы бүкіл Қазақстан сүйеді. Сүю керек, аялап ұстау керек, көшедегі тазалықты, таулардың әдемілігін сақтап қалу керек", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети