Алматыны дамыту бағдарламасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленді - Досаев

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыны дамыту бағдарламасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленді - Досаев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматыда "Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар" бағдарламасы бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда "Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар" бағдарламасы бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, даму бағдарламасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, әзірленген.

"Мен қала әкімі болып тағайындалғаннан кейін, наурызда Президент осында келгенде, Мемлекет басшысынан қолдау сұрадым. Қаланы дамыту үшін одан әрі пайымдаулар мен көзқарас қажет болды. Мемлекет басшысы Алматы тумасы ретінде қалаға үлкен көңіл бөліп жатыр. Ол бұл құжат шенеуніктердікі болмауы керек екенін айтып, ертең қала тұрғындары, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері әкімдікпен бірге сүйікті қаламыздың болашағы үшін ортақ жауапкершілікті бөлісуі үшін, қала тұрғындарының оған белсенді қатысуын қолдап, тапсырма берді", - деді мәслихат сессиясында Ерболат Досаев.

Бұған дейін Алматыда жеңілдетілген өндірістік ипотека іске қосылатыны белгілі болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети