16 қараша 2022 | 10:57

Алматыны дамыту кезінде құрылыс компанияларының емес, тұрғындар мүддесі ескерілуі керек - Тоқаев

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы жұртшылығымен кездесуінде қала құрылысы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы жұртшылығымен кездесуінде қала құрылысы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жұрттың наразылығын тудыратын тағы бір маңызды мәселе – үйлердің тығыз салынуы. Так называемая точечная застройка или «человейники». Осындай құрылыстар және жолдардың ыңғайсыз салынуы көп қолайсыздық тудырып отыр. Алматы заманауи урбанистика талаптарына сай болуы керек. Қаламыз бетоннан салынған орманға айналмауға тиіс.

Сондай-ақ, Алатаудың самалы қалада еркін есуі қажет. Бұл қаланың экологиясы үшін өте маңызды", - деді Тоқаев.

Тоқаев қала салу кезінде құрылыс компанияларының емес, ең алдымен, тұрғындардың мүддесі ескерілуі керек екенін айтты.

"Заңдарымызда бұл жағдай нақты реттелмеген. Үкіметке әкімдікпен бірлесіп, осы мәселені пысықтап, заңға тиісті түзетулер әзірлеуді тапсырамын.

Мұның бәрі Алматыны мейлінше жайлы, қолайлы қала ретінде одан әрі дамыту үшін қажет. Шаһарда Ботаникалық бақ сияқты қоғамдық орындар көп болуға тиіс. Кейбір аудандарда осындай нысандар мүлдем жоқ. Қала әкімдігі осы ахуалды түбегейлі өзгертуді көздеп отыр. Жұрттың демалуына арналған бес орталық салу жоспарда бар. Мен мұны толық қолдаймын. Бірақ, жұмысты сапалы орындау қажет", - деп толықтырды ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети