Алматыны жарықтандыру ісі: сот шешім шығарды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: pexels.com Фото: pexels.com

Алматы әкімдігі жарықтандыру бойынша жеке компанияға қарсы сотта жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімдігі жарықтандыру бойынша жеке компанияға қарсы сотта жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі бойынша, "Алматы қаласын сыртқы жарықтандыруды модернизациялау" жобасы бойынша МЖӘ шарты бұзылды. Осылайша, "Алматы Қала Жарық" МКК – нің "ABM - Вuilding 2007" ЖШС, "Электроремонт" ЖШС және "ABM - Project" ЖШС үш компаниядан тұратын жеке әріптес-консорциуммен шартты бұзу туралы талабы қанағаттандырылды.

Әкімдік мәліметінше, шарт жасалған кезде жеке серіктес жыл сайын 5 жыл ішінде (2019-2023 жж.) 8915 жарық нүктесін жаңартуға, яғни заманауи шамдар мен бағаналарды ауыстыруға міндеттелген. 2022 жылдың соңына қарай 35 661 жарық нүктесі қосылуы керек еді, ал 2023 жылдың соңына қарай барлығы 44 576. Бұл ынтымақтастықтың негізгі шарттарының бірі болған. Кейіннен, жеке серіктестің кестеден артта қалуына байланысты модернизациялау бойынша міндеттемелер үнемі ауыстырылып отырған, бұл МЖӘ шартына қосымша келісімдерде көрініс тапты. Мерзімдерді ауыстыру барысында модернизациялаудың соңғы жылына (ағымдағы) жеке серіктес 22 369 шам, 27 716 бағана және 310 қосымша шам (тротуар аймағын жарықтандыру үшін) орнатуға міндеттенді. Бұл шамамен үш жылдық норма, өткен жылғы жұмыс көлемі бойынша әлі де қарыз бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course down  583.08  course down  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro