Алматыны қалың қар басты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыны қалың қар басты

Алматыда 45 сантиметрге дейін қар жауды. 15 ақпан күні таңғы сағат 09:30-дағы жағдай бойынша қаладан 450 текше метр қар шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 45 сантиметрге дейін қар жауды. 15 ақпан күні таңғы сағат 09:30-дағы жағдай бойынша қаладан 450 текше метр қар шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тұрғын үй саясаты басқармасы қалада таңғы сағат сегіздегі жағдай бойынша қалыңдығы 15-18 сантиметр қар жауғанын хабарлады.

"Қардың қалыңдығы тау етегінде 22-30 сантиметр, тауда 45 сантиметрге дейін", – делінген хабарламада.

Фото Айжан Түгелбаева/Tengrinews

Сағат 00:00-ден бастап қаланың коммуналдық қызметі жолдарға көктайғаққа қарсы материал сепкен. Сағат 03:30-дан бастап жол полициясының патрульдік көліктерінің сүйемелдеуімен қар тазалау колонналары ұйымдастырылды. Басты көшелерде үш рет қар тазаланды. Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, қоғамдық орындарды механикаландырылған және қолмен тазалау жұмыстары күшейтілді.

Таңғы сағат 09.30-да қаладағы жолдар мен тротуарлардан 450 текше метр қар шығарылды. Қар тазалауға барлығы 616 арнайы техника, 1463 жол жұмысшысы жұмылдырылды, көктайғаққа қарсы 3050 тонна материал жұмсалды.

Суретті түсірген Айжан Түгелбаева/Tengrinews

Қазгидромет болжамы бойынша, қар 15 ақпан түске дейін жауады. Қаладағы ауа температурасы 0-3 градус аяз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети