© Николай Колесников
Алматыны қалың тұман басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыны қалың тұман басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
14 қазанда қалада күн айтарлықтай суыды. Шуақты күн жаңбырлы ауа райыға ауысты, Алматыда жаңбыр себелеп тұр. Қалың тұманнан қаладағы ғимараттар көрінбей қалған.
© Николай Колесников
Еске салайық, осыған дейін синоптиктер Қазақстанда қазан айында тұрақсыз ауа райының болатынын хабарлаған еді. Олардың мәліметінше, айдың үшінші декадасында жиі жауатын жаңбырмен және суығымен нағыз күз ауа райы келеді. Түнде ауа темперутарасы солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда 2-7 градус, кейде 12 градус аязға барады. Оңтүстік бөлігінде түнде 0-8 градус нольден жоғары болады.