Алматыны қалың тұман басты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматыда 27 қазанда ауа райы күрт өзгерді. Қаланың басым бөлігін қалың тұман басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 27 қазанда ауа райы күрт өзгерді. Қаланың басым бөлігін қалың тұман басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Алматыдағы тұманның видеосы жарияланды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Almaty Today (@almaty.today)

Сонымен қатар, оқырман қаланың әр түкпірінен сурет жолдап жатыр. Тұман таулар мен телемұнараны да жауып қалды.

Көк-Төбе көрінісі

"Қазгидромет" РМК Алматы филиалы бүгін Алматы облысының оңтүстігінде жаңбыр, таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтілетінін хабарлады. Солтүстік-батыстан соғатын жел секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы 6-11 градус жылы, таулы аймақтарда 3 градус аяз болды. Алматыда ала бұлтты, жаңбыр жауады деп күтіеді. Желдің екпіні секундына 2-7 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы 8-10 градус.

Синоптиктердің айтуынша, алдағы күндері ауа райы жақсармайды. Оңтүстікте, Алматы облысының орталығында жаңбыр, таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы, тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі. Облыстың солтүстігі мен шығысында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, түнде және күндіз ауа температурасы төмендейді. Алматыда түнде жауын жауады, түнде және таңертең тұман күтіледі, ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 6-8 градус жылы болады.

28 қазанда түнде және таңертең қалада тұман түсуі мүмкін, соған байланысты Алматы қалалық ТЖД да тұманды жағдайда көлік жүргізушілеріне аса сақ болу керектігін еске салды. Мүмкін болса, сапарды кейінге қалдырып, ауа райының жақсаруын күткен дұрыс.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети