Алматыны қалың тұман басты. Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде суреттерді бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыны қалың тұман басты. Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде суреттерді бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
18 қаңтарда таңертең Алматыны тұман басты. Бұл ретте қолайсыз ауа райы қаланың кей бөлігінде ғана байқалады.
Alatau city тұрғын үй кешені
"Алматы Арена" мұз сарайы аумағында ауа райы бір қалыпты. Жақын маңдағы Alatau city тұрғын үй кешені тұрғындары тұман байқалғанымен, қалың емес екенін айтады.
"Казахфильм" ықшамауданы
Бірақ "Қазақфильм" ықшамауданында жағдай басқаша. Әл-Фараби даңғылы мен Жароков көшелері қиылысындағы ауданда қаланың төменгі бөлігіне қарағанда тұман қалың.
Әл-Фараби даңғылы мен Ходжанов көшесі қиылысы
Осы маңайда тұратын әлеуметтік желі қолданушылары Әл-Фараби даңғылы мен Ходжанов көшелері қиылысындағы жағдайды да көрсетті. Мұнда да қалың тұманды байқауға болады.
Сәтбаев пен Достық даңғылы қиылысы
Достық даңғылы мен Сәтбаев көшесі қиылысында да қалың тұман.
ҰҚК Шекара қызметінің академиясы ауданы
Достық даңғылы мен Омаров көшелері қиылысында орналасқан Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің академиясы ауданында ауа райы біршама жақсырақ.
Ұшу-қону уақыты шегерілген рейстер
Әуежайға келсек, бүгін ондаған рейс ұшуға дайындалған. Сондай-ақ, дәл осындай мөлшерде қонуы керек болған.
Қазіргі сағатта Fly Arystan әуекомпаниясының Қостанайдан келетін бір рейсі шегерілгені белгілі болды.
Сондай-ақ, Алматыдан ұшатын 11 халықаралық және ішкі рейс уақытынан кешігіп жатыр. Олардың бірін Fly Arystan, екіншісін Fly Jet, ал қалғандарын Air Astana орындайды.
Әуеайлағының ресми сайтында рейстердің ұшуы мен қонуы жағдайын онлайн бақылауға болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!