Оңтүстік астанада "Алматы қаласының 1000 жылдығының" үздік логотипі конкурсының авторлары жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жарнама агенттіктерінің бірінің жобасы үздік деп танылды. Конкурсқа жалпы 123 жұмыс келіп түсті.

Бұл логотип қаланың барлық нысандарында бір жыл бойында қолданылады. Конкурстың жүлде қоры бір миллион теңге.
© Василина Атоянц
"Алатау етегін көрсетуіміз керек екенін бірден түсіндік. Тау болуы керек, оның үстінде "Алматы" деген жазу, ол қаланы білдіреді. Біз тауды көк шыңдар қылып көрсеттік. Бұл логотиптің түсіндірілетін бірнеше қызық жолы бар. Онда "1000" таулар болады, ал алма формасындағы күн қаланың символы болады деген шешімге келдік, ол осы таулардың үстінде тұрады. Содан кейін техникалық жақтарын түзедік. Архаикалық ежелгі оюды қостық, сол арқылы алманы күнге айналдырады, себебі ол сары, алманың қауызы. Негізгі жұмыс уақыты қарпін таңдаумен өтті, себебі латын сызбасында шығыстың белгілерін салу қиын. Соны ұзақ уақыт іздей келе, әйтеуір таптық", - деді агенттіктің креатив директоры Тигран Туниянц.
Айта кетейік, 2016 жыл Алматының 1000 жылдығын тойлау жылы болып жарияланған еді. Мегаполистің туған күні ЮНЕСКО-ның мерейтой күндерінің тізіміне енді.