16 тамыз 2015 | 00:12

Алматының 7 мыңнан астам тұрғыны ауылшаруашылық жәрмеңкесінде болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Kurchatov.bezformata.ru © Kurchatov.bezformata.ru

Алматыда жеті мыңнан астам қала тұрғыны қатысқан Оңтүстік Қазақстан облысы ұсынған ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда жеті мыңнан астам қала тұрғыны қатысқан Оңтүстік Қазақстан облысы ұсынған ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматылықтар азық-түліктің 50-ден аса түрін базардағы бағадан 15-20 пайызға төмен сатып алды. Қала тұрғындарымен қатар Алматы әкімі Бауыржан Бәйбек жәрмеңкедегі тауарлардың құнына және сапасына баға беріп, жүзім және шұбат сатып алды.

Шара барысында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен тауар өндірушілері бірлесіп Алматы қаласында логистикалық орталық құруды ұсынды. Бұл қала базарларына тауарын тікелей жеткізіп, төмен бағада сауда жасауға ниетті ОҚО фермерлері үшін қолайлы болмақ. Алматы әкімі тиісті басқармаларға ұсынысты қарастырып, талқылауды міндеттеді.

Жәрмеңке барысында алматылақтарға 56 тонна ет, 5 тонна сүт өнімдері, жеміс-көкөністерден 75 тонна және тағы басқа тауар жеткізілді. Барлығы 11 аудан және Шымкент, Түркістан, Арыс қаласынан келген ОҚО фермерлері Алматыда 200 тоннадан астам азық-түлік сатуды жоспарлаған. Одан өзге, дәстүрлі жәрмеңкеге Алматы қаласының 50-ден астам кәсіпорны және "Алматы" әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясы қатысты.

Айта кетейік, Алматыда ауыл шаруашылық жәрмеңкелері азық-түлік бағасын бірқалыпты ұстау мақсатында 7-ші жыл қатарынан өткізіп келеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети