1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматының бас дәрігері қызметінен босатылды 21 қыркүйек 2018, 09:19

Серікбол Мусинов Алматының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Серікбол Мусинов. © liter.kz Серікбол Мусинов. © liter.kz

Серікбол Мусинов Алматының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдіктегілердің мәліметінше, Серікбол Мусинов еңбек жолын денсаулық сақтау жүйесінде өткізген. Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы, денсаулық сақтау министрінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Еңбек жолын 1980 жылы Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық ауруханасында интерн дәрігер болып бастаған. Түрлі жылдары Семей облыстық Денсаулық сақтау басқармасы департаментінің басшысы, Астана қалалық Фармацевтикалық бақылау басқармасының басшысы, Маңғыстау облысы бойынша Денсаулық сақтау басқармасы департаментінің басшысы қызметтерін атқарған.

Серікбол Мусинов Алматының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне 2017 жылдың қарашасында келген болатын.



Join Telegram