Алматының бас санитария дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының бас санитария дәрігері жаңа қаулыға қол қойды Фото: elements.envato.com

Алматы қаласы бас мемлекеттік санитария дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласы бас мемлекеттік санитария дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжатқа сәйкес, спорттық-сауықтыру орталықтарына, моншаларға, сауналарға, бассейндерге "жасыл" мәртебесі бар және вакцинаға медициналық қарсы көрсетілімі бар адамдарға ғана кіруге рұқсат етілген.

Мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың әкімшілік персоналы және барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың кеңсе қызметкерлерінің кемінде 70 пайызы қашықтан жұмысқа көшеді.

24 қаңтардан бастап мынадай оқу форматы енгізіледі:

Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналардың өтініші бойынша штаттық форматта;

Жалпы білім беретін мектептерде ("қызыл" аймақ):

  • 1-4 бастауыш сыныптар - штаттық форматта;
  • 600 оқушыға дейін - штаттық форматта
  • 600-ден аса оқушы болса - жүктеме 50 пайыздан аспайды;
  • Мектептен тыс ұйымдарда, қосымша білім беру ұйымдарында, түзету кабинеттерінде - штаттық форматта;

Жоғары оқу орындары мен колледждерде - аралас форматта - тәжірибелік, зертханалық, семинарлар, өндірістік тәжірибе штаттық форматта, дәрістер - онлайн.

Коронавирусқа қарсы вакцинаның толық курсын алған оқушылар штаттық режимде оқиды.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Құжаттың толық мәтінімен мына сілтемеден оқуға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети