Бүгін, 26 тамызда қаладағы бірнеше ауданда уақытша суық су тоқтайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қай аудандарда су болмайды?
Әуезов, Бостандық және Наурызбай аудандарындағы тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға суық су беру тоқтатылады.
Мына көшелерге қатысты:
- Абай даңғылы – Сайын көшесі – Шаляпин көшесі – Әшімов көшесі;
- Шаляпин көшесі – Сайын көшесі – Жандосов көшесі – Яссауи көшесі;
- Жандосов көшесі – Үлкен Алматы өзені – Әл-Фараби даңғылы – Сайын көшесі;
- Жандосов көшесі – Сайын көшесі – Асқаров көшесі – Қарғалы өзені;
- Дулати көшесі бойында, "Хан-Тенгри" ықшамауданы.
Сондай-ақ мына шаршыда орналасқан аудандарда қысым төмендейді:
- Алтынсарин даңғылы – Шаляпин көшесі – Сайын көшесі – Абай даңғылы.
Суық суды неге тоқтайды?
"Алматы Су" өкілдерінің айтуынша, суық суды ажырату сумен жабдықтау нысандарын жоспарлы қайта жөндеу аясында жабдықты ауыстырумен байланысты.
"Алматы Су" уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрайды және тұтынушылардан техникалық жұмыстарды жүргізу қажеттілігінен туындаған уақытша шектеулерге түсінікпен қарауды өтінеді", – делінген хабарламада.
Қосымша ақпарат алу үшін 274-66-66 телефонына хабарласуға болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!