Келесі аптада Алматы мен Алматы облысының бірнеше тұрғын алаптарын суық сумен жабдықтаудан ажырату жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы су" МКК сілтеме жасап.
Келесі аптада Алматы мен Алматы облысының бірнеше тұрғын алаптарын суық сумен жабдықтаудан ажырату жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы су" МКК сілтеме жасап.
Бұқтырма көшесі мен Құлжа жолы қиылысында жол-көлік айрығын салу жөніндегі жұмыстар шеңберінде үш кезеңде құрылыс орындарының астынан Д-1400 мм, Д-1200 мм су тартқыштарын шығару жұмыстары орындалатын болады.
"Жұмыстарды жүргізудің 1-кезеңінде, яғни 21 мамыр сағат 22:00-ден 23 мамыр сағат 09:00-ге дейін төменде көрсетілген аумақта орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға суық су беру уақытша тоқтатылады:
- Түрксіб ауданы, "Нұршашқан" шағынауданы, "Қайрат" шағынауданы;
- Алматы облысы Талғар ауданы, Белбұлақ, Гүлдала, Луч, Тұздыбастау, Түзусай, Бірлік, Бесағаш елді мекендері;
оның ішінде "Аспан Сити", "Алтын Сити", "Нұрия", "Достар", "Nomad City", "Tomarix City", "Бесағаш" тұрғын үй кешендері, Құлжа жолы бойында орналасқан коммерциялық нысандар (қоғамдық тамақтану орындары, базарлар, автосалондар және т.б.).
24 мамыр күні сағат 23:00-ден 26 мамыр күні сағат 9:00-ге дейін "Nomad city" ТК суық судан ажыратылады.
Жұмыстың соңғы 3-кезеңін орындау шеңберінде 28 мамыр сағат 22:00-ден 30 мамыр күні сағат 09:00-ге дейін төменде келтірілген келесі мекенжайларда суық су болмайды:- Түрксіб ауданы, "Нұршашқан" шағынауданы, "Қайрат" шағынауданы;
- Алматы облысы Талғар ауданы, Белбұлақ, Гүлдала, Лучь, Тұздыбастау, Түзусай, Бірлік, Бесағаш кенттері;
оның ішінде "Аспан Сити", "Алтын Сити", "Нұрия", "Достар", "Nomad City", "Tomarix City", "Бесағаш" тұрғын үй кешендері, Құлжа жолының бойында орналасқан коммерциялық нысандар (қоғамдық тамақтану орындары, базарлар, автосалондар және т.б.).
Уақытша келтірілген қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!