Алматының бұрынғы әкімінің ұлы Ирландия азаматы болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының бұрынғы әкімінің ұлы Ирландия азаматы болып шықты Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов. Әлеуметтік желіден алынған сурет

Анонимді Telegram-арналарда Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың кенже ұлы Даниэль Храпуновтың Ирландия азаматтығын алғаны жөнінде ақпарат пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл деректерді ресми халықаралық тізілімдер арқылы тексеріп көрдік.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Анонимді Telegram-арналарда Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың кенже ұлы Даниэль Храпуновтың Ирландия азаматтығын алғаны жөнінде ақпарат пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл деректерді ресми халықаралық тізілімдер арқылы тексеріп көрдік.

Швейцарияның Бірыңғай коммерциялық тізіліміндегі ақпаратқа сәйкес, Даниэль Храпунов Женевада тіркелген Litigation Partners SA компаниясының директоры әрі жалғыз әкімшісі болып табылады. Құжатта оның "Ирландиядан" екені және Женева кантонының Мейнье коммунасында тұратыны көрсетілген.

Компания үшінші тұлғалардың сот процестерін қаржыландыру, қаржылық кеңес беру, сондай-ақ қарыздарды сатып алу, өндіру және сатумен айналысады. Сонымен қатар оған Швейцарияда да, шет елдерде де инвестициялық жобаларға қатысуға, қарыздар мен кепілдіктер беруге рұқсат етілген.

Бұған қоса, Даниэль Храпунов Лозаннада тіркелген Hookah Factory Sàrl компаниясының серіктесі ретінде де көрсетілген. Компаниялар мен жеке тұлғалар туралы мәліметтерді жинақтайтын швейцариялық Moneyhouse сервисі оның азаматтығын ирландиялық деп көрсетеді.

Ұлыбританияның Тіркеу палатасының деректеріне сәйкес, Даниэль Храпунов Baldr Group LTD компаниясының да акционері болып табылады. Компания директоры ретінде 33 жастағы Мадияр Әблязов — қуғындағы банкир Мұхтар Әблязовтың ұлы көрсетілген. Тіркеу тізілімінде Мадиярдың азаматтығы "британдық", ал тұратын елі ретінде Литва жазылған.

Baldr Group металл бұйымдарының, сантехникалық және жылыту жабдықтарының көтерме саудасымен айналысады.

Ұлыбританиялық The Guardian басылымы 2017 жылы Мадияр Әблязовтың 2013 жылы инвесторлық виза алып, Ұлыбританияда тұруға рұқсат алғанын хабарлаған. Басылым мәліметінше, оның әкесі швейцариялық банкке оның атына бір миллион фунт стерлингтен астам қаржы аударған. 2019 жылы Мұхтар Әблязовтың ұлы "алтын визаларды" иеленушілердің атышулы тізіміне енген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети