ПОДЕЛИТЬСЯ
07 ақпан 2019 | 09:24
Алматының бұрынғы бас дәрігері пара берді деген күдікке ілінді
Алматының Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Серікбол Мусиновқа қатысты қозғалған іс Медеу ауданының № 2 сотына келіп түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматының Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Серікбол Мусиновқа қатысты қозғалған іс Медеу ауданының № 2 сотына келіп түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Серікбол Рахымқанұлы Мусиновқа қатысты іс сотқа түсті. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабының 3-бөлігі 1,2-тармақтары бойынша ("Пара беру") қылмыс жасады деп айыпталып жатыр", - деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінің басшысы Дияс Махамбетов.
Еске салайық, Серікбол Мусинов Алматының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен 2018 жылдың қыркүйегінде босатылған болатын.
Еңбек жолын 1980 жылы Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық ауруханасында интерн дәрігер болып бастаған. Түрлі жылдары Семей облыстық Денсаулық сақтау басқармасы департаментінің басшысы, Астана қалалық Фармацевтикалық бақылау басқармасының басшысы, Маңғыстау облысы бойынша Денсаулық сақтау басқармасы департаментінің басшысы қызметтерін атқарған.
Мусинов Алматының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне 2017 жылдың қарашасында келген еді.
Показать комментарии
Читайте также