Алматы маңындағы Бутаков шатқалында Қазақ ұлттық гуманитарлық университетінің адасып кеткен үш студентін Республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары құтқарды. РЖҚЖ ТЖК ІІМ ҚР кезекшілік - диспечерлік бөліміне 3 мамыр күні, Медеу ауданындағы Бутаков шатқалында үш қыз жоғалып кетті деген ақпарат келіп түсті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі РЖҚЖ ТЖК ІІМ РК өкіліне сілтеме жасап. Барлық ақпаратты айқындай келе, сегіз студент қыздың Бутаков сарқырамасына бағытталғаны белгілі болды.

Бес қыз орманшының уйіне қайтып оралған, ал қалған үшеуі бағытты жалғастырып, адасып қалған.
"Республикалық жедел құтқару жасағы жоғалғандарды іздестіру үшін бағытталды. Іс шараға барлығы 8 адам, қызметтік итпен және автокөлік жұмылдырылды. Іздестіру жұмыстары басталды. Үш сағаттық іздестіруден соң Чарли Кинг атты лабрадор үш қызды тапты. Қыздар қардың ішіне қулап қалған. Қар ішінде біраз уақыт тұрып қалғандықтан, барлық зардап шегушілерге салқын тиген. Алғашқы медициналық көмектен соң, құтқарушылар оларды қалаға Талғар ауданындағы "Горный садовод" саяжайлары арқылы шығарып салды. Қыздарды қалада туыстары мен достары күтіп алды, ал зардап шеккендердің бірі жайсыздықпен әлсіздікті сезінгендіктен ауруханаға жіберілді. Іздестіру - құтқару жұмыстарын сәтті аяқтаған құтқарушылар тобы базаға қайтып оралды", - дейді ведомствоның өкілі.
Құтқарушылар таулы аймақтарда абай болуға шақырады, себебі тауда әлі қар бар және қар көшкіні журуі мүмкін. Барлық қауіпсіздік ережелерін сақтау керек. Бағыт сізге таныс емес немесе қолыңызда қажетті карта болмаса, жорықтан бас тартқаныңыз жөн.