29 маусым 2022 | 10:59

Алматының даму жоспары қалалықтармен бірлесіп жасалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz / Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматының даму жоспары қалалықтармен бірлесіп жасалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматының даму жоспары қалалықтармен бірлесіп жасалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы әкімдігі "Алматы - адамдар үшін жаһандық қала" бағдарламасын әзірледі, онда мегаполисті 2025 жылға дейін дамытудың негізгі басымдықтары мен 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар көрсетілген. Қала тұрғындары бағдарламамен танысып, өз ұсыныстарын "Алматыны дамыту орталығының" сайтында 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін қалдыра алады.

Жоба жеті бөлімнен тұрады, олар: "Жайлы қалалық орта", "Тұрақты экономикалық өсу", "Басқарылатын урбанизация", "Әлеуметтік орнықтылық пен тұрақтылық", "Жасыл Алматы", "Смарт сити", "Қауіпсіз қала".

Алматыны кеңістіктік дамытудың негізгі міндеті - жайлы қалалық орта құру және қаланың барлық аудандарында өмір сүру сапасын арттыру. Ол үшін үш басым бастама айқындалды: Алматыны көпорталықты дамыту, қоғамдық көліктің дамыған жүйесі және аудандардың байланыстылығы, жаңа тарифтік саясатты енгізу және шығындарды азайту арқылы ТКШ қызметтерінің сапасын жақсарту.

Қаланың көпорталықты дамуы Алматының жаңа бас жоспарын бекітуді көздейді. Мұнда қоғамдық, экономикалық және мәдени белсенділіктің жаңа орталықтарын қалыптастыру; тұрақты жұмыс орындарын құру; ескі тұрғын үйлерді реновациялау; индустриалды аудандарды қайта дамыту (Алматы-1); көлік инфрақұрылымын дамыту қарастырылған.

Сондай-ақ, осы бағыт бойынша 2025 жылға дейін бес орталықтың шеберлік-жоспарларын әзірлеу және бекіту жоспарлануда: тоқсандық құрылыс; әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне және қоғамдық көлікке 15 минуттық қадамдық қолжетімділік; тұрғын үйлердің белсенді бірінші қабаты; қаланың жаңа тұрғын және қоғамдық ғимараттарын салу кезінде 100 пайыз кедергісіз орта.

2030 жылға дейін орталықтардың экономикалық мамандануын ескере отырып, олардың құрылымын қалыптастыруды аяқтау болжануда, атап айтқанда: Солтүстік - экологиялық зиянсыз өндірістер, рекреация мен көгалдандыруға арналған жаңа аумақтар (ҮАК-ның, Баум тоғайы бойында), дамыған қызмет көрсету саласы; Шығыс қақпасы - әуежай ауданындағы логистикалық хаб және көрме-ойын-сауық орталығы, медицина, фармацевтика; Тарихи орталық - туризм, дамыған қызмет көрсету саласы; Батыс - ірі индустриалды кәсіпорындар, көлік-логистикалық хаб; Оңтүстік-батыс-шағын өнеркәсіп парктері, сауда, логистика.

Жайлы қалалық ортаны қалыптастырудың маңызды құрамдас бөліктері қоғамдық көлікті дамыту және аудандардың байланысын қамтамасыз ету, жаңа тарифтік саясатты енгізу әрі шығындарды азайту арқылы ТКШ қызметтерінің сапасын арттыру болып табылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Алматы қаласы әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети