21 сәуір 2023 16:45

Алматының екі ауданында суық су өшіріледі

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Алматыда Жетісу және Түрксіб аудандарының бір бөлігінде су уақытша өшіріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда Жетісу және Түрксіб аудандарының бір бөлігінде су уақытша өшіріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

21 сәуірде сағат 16.00-ден су беру өшіріледі деп жоспарланған. Су беру Сүйінбай - Рысқұлов - Шемякин - Хмельницкий, Рысқұлов даңғылы – Парковая – Құлыншақ – Баишев көшелері шаршысында орналасқан үйлер мен әкімшілік ғимараттарда тоқтатылады. Сумен жабдықтауды 23:00-ге дейін қалпына келтіру жоспарланған.

Сондай-ақ, апаттық жұмыстарды жүргізу үшін Герцен көшесімен қиылыста батыс бағытқа қарай Рысқұлов даңғылының екі жолағы уақытша жабылады.

"Алматы Су" МКК авариялық бригадалары Герцен көшесі бойымен төселген Д=500 миллиметр зақымдалған магистральдық су құбырында қалпына келтіру жұмыстарын орындайды. Авариялық жағдайды жою үшін 12 техника жұмылдырылды. Су құбыры 1962 жылы іске қосылды және содан бері жөнделмеген.

"Алматы су" АҚ диспетчерлік қызметінің телефондары: 274-66-66, +7 771 852 91 01

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети