Мәжіліс депутаттары "Алматының ерекше мәртебесі туралы" заңға қаладағы бейнекамераларды жарықтандыру мен орнатуға байланысты түзетулер енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәжіліс депутаттары "Алматының ерекше мәртебесі туралы" заңға қаладағы бейнекамераларды жарықтандыру мен орнатуға байланысты түзетулер енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Алматының ерекше мәртебесі туралы" заң "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасымен қатар екінші оқылымда қаралды. Заң жобасы 2021 жылғы қазанда бірінші оқылымда қаралып, мақұлданған еді. Алайда депутаттар кейінірек бірнеше түзету енгізген болатын.
"Алматының ерекше мәртебесі туралы" заңға өзгерістер енгізілді. Соның ішінде Алматы мәслихаты мен әкімдігінің өкілеттіктеріне Алматының сыртқы жарықтандыру жүйелерін пайдалану ережелерін, бейнекамералар орнату және азаматтар көп жиналатын жерлерде бейнебақылау мониторингін жүргізу, көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеу бойынша арнайы жалпықалалық шот құру, сондай-ақ, мүлікті мәжбүрлі иеліктен шығару үшін әлеуметтік нысан салу, қаланың субұрқақ шаруашылығын күтіп ұстау және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту кіреді ", - деді Мәжіліс отырысында депутат Дүйсенбай Тұрғанов.
Сонымен қатар, оның айтуынша, депутаттар заңға мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің су тұтыну нормалары мен мониторингін сақтауға, мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің тізбесін кеңейтуге, міндетті аудит орнына экспресс-энергия аудитін жүргізу шарттарын жеңілдетуге, бақылау субъектілеріне бармай, профилактикалық бақылау жүргізу тәртібін нақтылауға, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша тәртіп пен хабарламаны нақтылауға бағытталған түзетулер енгізген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!