ПОДЕЛИТЬСЯ
03 шілде 2019 | 14:51
Алматының жаңа әкімі "Шұғыла" ықшамауданына 1 тамызға дейін газ тартуға уәде берді
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы ықшамаудандардың біріне газ тарту мәселесені ерекше бақылауға алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қала басшысы Twitter желісіндегі парақшасында жазды.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы ықшамаудандардың біріне газ тарту мәселесені ерекше бақылауға алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қала басшысы Twitter желісіндегі парақшасында жазды.
"Шұғыла мөлтек ауданында газбен қамту өзекті мәселе. 1 тамызға дейін газ келеді. Ол менің ерекше бақылауымда", - деп жазды Бақытжан Сағынтаев.
Шұғыла мөлтек ауданында газбен қамту өзекті мәселе. 1 тамызға дейін газ келеді. Ол менің ерекше бақылауымда.
— Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev_b) July 3, 2019Сондай-ақ, қала әкімі Наурызбай ауданында болды. Ол тұрғындармен кездесіп, толғандыратын мәселелерді талқылады, олар: ауыз су, абаттандыру, инфрақұрылым және электрмен жабдықтау мәселелері.
"Іс-қимылдың арнайы жоспары жасалатын болады. Аудан әкіміне тиісті тапсырмалар берілді. Олар менің жеке бақылауымда", - деді Сағынтаев.
Осыған дейін, қала басшысы ЖЭО-2 жұмысына қатысты газға көшіру, жаңа фильтрлер қою және басқа да күрделі мәселелерді шешуді тапсырған еді.
"Жете зерттеп, пысықтау қажет. Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасына осы іске қатысты сараптама жүргізіп, #ЖЭО2 дамыту бойынша ұсыныс беруді тапсырдым", - деп жазды әкім.
Показать комментарии
Читайте также